7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?Дәстүрлі садақ атудан Қазақстан ұлттық құрамасының спортшысы елордалық Айкөркем Батихан Түркияның Ыстанбұл қаласында өткен «Fetih Kupası» («Жеңіс кубогі») турнирінде әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Айкөркем Батихан бұл тарихи жеңіске 50 метр қашықтықта диаметрі 50 см болатын Пута нысанасы бойынша жарыста қол жеткізді. 12-ші рет өтіп отырған «Fetih Kupası» халықаралық турниріне әлемнің 20 елінен 300-ге жуық спортшы қатысты.
«Fetih Kupası» халықаралық турнирі – дәстүрлі садақ ату бойынша ең ірі жарыстардың бірі. Бұл сайыста табысты өнер көрсету және жеңіске жету қазақстандық барлық садақшының үлкен арманының бірі десек болады. Бұл турнир – Түркияда 12 жыл бойы үзбей өтіп келе жатқан іс-шара. Қазақстандық спортшылар оған 2017 жылдан бері қатысып келеді, бірақ биылға дейін жеңіске жетпеген едік. Осы жылы біздің спортшылар финалға шықты: 4 қыз және 4 ер адам жолдама алды. Финалда Айкөркем Батихан Түркияның ең мықты садақшысымен кездесіп, оны 5:4 есебімен жеңді. Айкөркемнің жеңісі – бүкіл командамыз үшін үлкен жетістік, - деді дәстүрлі садақ атудан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Диас Ахметов.
19 жастағы Айкөркем Батихан – астаналық спортшы. Оның дәстүрлі садақ атумен айналысып жүргеніне небәрі 1,5 жыл болған.
7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд2 Шілде, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен Нарбай1 Шілде, 17:41
Алакөлден Ыстамбұлға дейін: жазғы демалысқа қайда баруға болады?