Кеше, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерПолиция қызметкерлері пәтер ұрлығына қатысы бар екі адамды ұстады, деп хабарлайды El.kzақпарат агенттігі.
Polisia.kz мәліметінше, оқиға 2024 жылдың басында болған.
Қаскүнемдер үй иесінің жоқтығын біліп, кілт таңдау арқылы оның пәтеріне кірген. Жаңа жылдық демалыстан соң үйіне оралған астаналық тұрғын сейфінің ашылғанын байқаған. Одан құны 110 мың АҚШ доллары болатын Breguet Tourbillon, әрқайсысының бағасы 55 мың доллар Franck Muller және Daniel Roth, сонымен қатар мың долларлық Rado сағаттары ұрланған, - делінген мәліметте.
Одан бөлек, сейфтен 650 мың теңге және 2 200 доллар жоғалған. Полицейлердің жедел жұмысының арқасында күдіктілер құрықталып, олардың кінәсі толық дәлелденді. Сот шешімімен олар әртүрлі жылдарға бас бостандығынан айырылды.
Жаңа жыл қарсаңында елордалық полиция азаматтарға мүлікті қорғау бойынша қауіпсіздік шараларын сақтау қажеттігін еске салады.
Кеше, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі