7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?Астана қаласындағы №49 мектеп-гимназияның 7-сынып оқушысы Әділхан Рүстемұлы «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында білім беру ұйымдарында оқушылар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алуға бағытталған жаңа технологиялық жоба ойлап тапты. Жас өнертапқыш мектеп дәретханаларына орнатуға болатын арнайы жасанды интеллектке негізделген камера жүйесін таныстырды.
Жобаның басты мақсаты – оқушылар арасындағы төбелес, әлімжеттік сияқты жағымсыз әрекеттерді дер кезінде анықтап, мектеп әкімшілігіне жедел хабарлау. Әділханның айтуынша, жүйе үнемі бейнежазба жасамайды. Камера тек күмәнді әрекет белгілері байқалған сәтте ғана автоматты түрде іске қосылады. Сол мезетте түсірілген ақпарат мектептің жауапты қызметкерлеріне бірден жіберіледі.
Өнертапқыштың жобасындағы ең маңызды тұстардың бірі – оқушылардың жеке өміріне қол сұқпау мәселесі. Ұсынылған камера адамдардың бейнесін нақты күйінде емес, арнайы өңдеу арқылы бейнені жалпыланған, тануға келмейтін пішінде көрсетеді. Яғни жүйе тұлғаны анықтауға немесе адамның дене бітімін айқындауға мүмкіндік бермейді.
Сонымен қатар, құрылғы адам денесінің әдеп нормаларына қайшы келетін тұстарын түсірмейтіндей етіп бағдарламаланған. Бұл – балалардың ар-намысы мен жеке кеңістігін сақтауға бағытталған маңызды шешімдердің бірі.
Жас өнертапқыштың жобасы бүгінде талқылау кезеңінде. Болашақта бұл бастама білім беру ұйымдарында қауіпсіз әрі заманауи бақылау жүйесін қалыптастыруға үлес қосуы мүмкін.
7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?1 Қазан, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?