6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерЕлордалық жасөспірім мектепте «мина қойылды» деп полицияға жалған ақпарат берді, , деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
«5 желтоқсан күні әлеуметтік желілерді мониторингілеу барысында Төле би көшесіндегі мектептердiң бiрiнде террористік акті болатыны туралы хабарлама анықталды. Оқиға орнына полиция қызметкерлері келді.
Мектеп ғимаратын тексеру барысында жарылғыш құрылғы табылмады, іс-шара эвакуациясыз өткізілді, қауіп сейілді», - делінген полиция мәліметінде.
Астана қаласы Полиция департаменті Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шарасын өткізіп. Нәтижесінде жалған ақпарат таратушыны анықтады. Ол сол мектептің 13 жастағы оқушысы болып шықты.
«Жасөспірім сабақ болмағанын қалап, осылай әзілдегенін түсіндірді. Ювеналды полиция инспекторларының және баланың ата-анасының қатысуымен жасөспіріммен профилактикалық әңгіме жүргізілді. Заңды өкілдеріне қатысты әкімшілік сипаттағы шаралар қабылданатын болады», - делінген хабарламада.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі