28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарҚазақстанда жұмысшы мамандықтары жылы болып жариялануына орай Астана кітапханаларында жұмысшы мамандықтарға арналған тақырыптық кітап сөрелері мен көрмелер қойылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Осы іс-шара аясында «Астана қаласы әкімдігінің орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» ММ-нің 22 кітапханасында тақырыптық кітап сөрелері мен көрмелер қойылды. Мысалы, Орталық балалар-жасөспірімдер кітапханасындағы «Мәртебелі мамандық», №6 Бұқаралық кітапханадағы «Мамандық таңдау маңызы іс», №5 балалар кітапханасындағы «Мамандық – өмір тандауы» және бұқаралық іс-шаралар, оның ішінде әртүрлі еңбек түрлері бойынша әдебиеттер, көрнекті жұмысшы кәсіп өкілдерінің өмірбаяндары, карьералық өсу, даму туралы кітаптар, кәсіби дағдылар мен жеке табыс тарихы.
Сондай-ақ кітапханаларда «Табыс тарихы» форматында жұмысшы мамандықтарының көрнекті өкілдерімен кездесулер өтеді. Өз ісінің шеберлері жеке кәсіби тәжірибелерімен бөліседі, табысқа жету жолы туралы әңгімелейді және қатысушылардың сұрақтарына жауап береді.
Жыл бойына қалалық кітапханаларда жұмысшы мамандықтардың беделін көтеруге және жастар арасында қажырлы еңбекті насихаттауға бағытталған бұқаралық іс-шаралар: лекциялар, пікірталас клубтары, фильмдер көрсетілімі және шеберлік сабақтары ұйымдастырылады.
28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?