Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекАстанада қалың қардың жаууына байланысты қар күреу жұмысы тәулік бойы ауысыммен жүргізіліп жатыр. Атап айтқанда, жастар халықтың әлеуметтік осал санатындағы ардагерлер мен мұқтаж азаматтарға белсенді түрде көмектесіп, ауласының қарын күреуге атсалысып жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Іс-шараны «Астана жастары» жастар ресурстық орталығы ұйымдастырған. Елорданың 10-ға жуық волонтері жалғыз тұратын ардагерлерге үйлері мен аулаларын тазалауға, ауласын қардан күреуге көмектесті.
«Астана Жастары» еріктілері, жалғызбасты зейнеткердің ауласын қардан тазарту үшін кезекті «Игі істер марафонына» жиналдық. Айта кетерлігі, елордалық қарияның ауласын екі жылдан бері тазалауға көмектесіп келеміз. Қарттарымыз еркін жүріп, таза ауада серуендеуі үшін ауласының қарын күреу маңызды, - дейді белсенді волонтер Давид Шарипов.
Ауланы қардан күреу қарт кісілер үшін оңай шаруа емес, сондықтан мұндай көмекке олар қашанда дән риза.
Биыл біз елордадағы қарт кісілердің ауласының қарын күреу науқанын Жеңістің 80 жылдығына орайластырып отырмыз. Сондықтан да биыл ардагерлер мен қарт кісілерге көбірек көңіл бөліп, ауласының қарын тазалауға көмектесіп қана қоймай, шағын сыйлықтар әкеліп, әңгімелесіп, ақбатасын алдық. Бұл науқанның ары қарай да жалғасатынын атап өткіміз келеді, - дейді «Астана Жастары» волонтерлік қозғалысты дамыту бөлімінің маманы Дана Тәкенова.
Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?