Бүгiн, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыАстаналық Латкен Аляуддин мен Айманбетова Томирис Мәскеуде өткен «спорттық би тарихы» бойынша Ресей би Одағының ашық кубогында бірінші орын алды. Балалар би жұбы «Ювеналы-2» және «Латина» номинациялары бойынша сынға түсті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Жеке бапкерінің айтуынша аталмыш жарыс ағартушылық және тәрбиелік маңызы зор спорттық іс-шара аясында өтті.
Бишілерді сәтті дебютімен құттықтаймын. Бұл жұп екі санат бойынша сайысқа түсіп жеңіс тұғырынан көрінді. Қазіргі таңда балалар Астана қаласындағы екі би клубын, яғни «Bravos» және «Амоre Vita» ұсынып жүр. Турнир барысында би аңыздары, көрнекті бишілер мен осы спорт түрінің қайраткерлері туралы айтылды. Алдағы жоспарымыз — осы жылдың сәуір айында Блэкпул (Лондон, Англия) турниріне қатысып, жүлделі орындарға ие болу, — дейді балалар би жұбының жаттықтырушысы Польских Владислав.
Айта кетейік, Латкен Аляуддиннің жаңа серіктесі Томирис Айманбетова Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы. Ал Латкен болса әлем, Еуропа және Азия чемпионаттарының бірнеше дүркін жүлдегері мен финалисі.
Бүгiн, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыКеше, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек