Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекАстана қаласының халықаралық әуежайында соңғы уақытта жолаушылардың чемодандарын рұқсатсыз ашып, ондағы ақшалай қаражатын, алтын бұйымдарын және басқа да бағалы заттарын ұрлау жағдайларының өсуі тіркелді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мәселен 2023 жылдың тамызында “Астана – Стамбул” бағытының жолаушысы ұшып келгеннен кейін чемоданынан 19 мың АҚШ доллары сомасында ақшалай қаражатының жоғалғанын анықтады.
Жол жүгінен 7 800 АҚШ долларын ұрлау туралы дәл осындай өтініш “Астана – Дубай” бағытындағы әуе рейсінің жолаушысынан да келіп түсті.
Осыған байланысты, көлік полицейлері көлік прокуратурасымен бірлесіп жүргізген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде, аталған қылмыстарды жасады деген күдікпен әуе айлағында жүк тиеуші болып жұмыс істеген 6 адамнан тұратын қылмыстық топты ұстады.
Ұсталғандар өз кінәларын мойындады. Ақшалай қаражаттың бір бөлігі алынып, иелеріне қайтарылды.
Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, күдікті тұлғалардың басқа да осындай қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.
Сонымен қатар тергеу органы ҚПК-нің 200-бабы тәртібінде елордалық әуежайға қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал еткен мән-жайларды жою туралы ұсыныс енгізді, бұл соқыр зоналарды алып тастау, қызметкерлерге қойылатын талаптарды қатаңдату және басқа да шаралар.
Бұл бағыттағы жұмыс жалғасып жатыр.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?