2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүрЕлордалық Достық үйінде «Қазақтану» жобасы аясында ашылған Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы «Мәміле» пікірталас клубының кезекті отырысы өтті.
«Мәміле» клубының басты міндеті – еліміздегі этностар арасында қазақ халқының гуманитарлық және адамгершілік қағидаттарын қалыптастыру, Қазақстан халқының бірлігі мен достық дәстүрлерін ұрпақтан ұрпаққа жеткізу мен сабақтастық тетігін құру болып табылады.
Этномәдени орталықтардың қатысуымен іс-шара «Қазақ халқы есімдері, жер-су атаулары және оның тарихы» деген тақырыппен еркін форматта өтті. Модератор ретінде қоғам қайраткері Қадырбай Нұрпейісов сөй сөйлесе, Нұр-Сұлтан қаласы ҚХА хатшылығының бас маманы Гүлнара Тайгокова этнос жастарымен өз ойымен, ақыл-кеңесімен бөлісті.
Отырысты Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Руханият» КММ орталығының оқытушысы Сәнім Естемесова жалғастырды. Ол өз кезегінде қатысушыларға аранайы 45 минуттық интеллектуалдық сабақ өткізді.
Сабақ басталмас бұрын сергітетін ойын ойнатылып, кейіннен түрлі тапсырмалар берілді. Этнос өкілдері қазақ тіліне үйренуге деген құлшыныстарын танытып, берілген тапсырмаларды бұлжытпай орындады. Арнайы бейнематериалдарды арқау етіп, жеке көзқарастары мен ой-толғамдарын ортаға салды.
Отырыс соңы өткізілген дәрістерді сараптау және қорытындылаумен аяқталды.
2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова