7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?
Жастар жылы және «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан халқы ассамблеясының мүшелері Қарағанды облысының тарихи жерлеріне саяхат жасады.
Қарағанды облысы әкімі аппараты «Қоғамдық Келісім» КММ басшысының орынбасары Қуаныш Оспанов қонақтарды қарсы алып, Достық үйімен таныстырды. «Қарағанды облысы 100-ден астам этнос өкілдері тұратын Қазақстанның көпэтникалық аймақтарының бірі. 2015 жылдан бастап қалалық Достық үйі қызмет жасап келеді. Облыста өзіндік маңызы бар 23 этномәдени бірлестік бар», - деді Қ.Оспанов.
Әрі қарай елордалық ҚХА мүшелері ғимарат ішін аралап, естелік суретке түсті. Кездесу соңында Нұр-Сұлтан қаласы ҚХА хатшылығының меңгерушісі Ләззат Құсайынова қарағандылықтарға алғыс білдіріп, естелік сыйлықты табыс етті.
Кейін Қарағанды қаласынан 45 шақырым жерде орналасқан Долинка ауылындағы еңбекпен түзеу лагері, яғни, КАРЛАГ-қа саяхат жасалды. Бұл жерде Сталиннің іс-әрекетін жүзеге асыру үшін тұтқындардың еңбегін тегін пайдаланған. Осы азап лагерінің тарихымен мұражайдың экскурсия жетекшісі кеңірек таныстырды.
Одан кейін елордалық ҚХА мүшелері Теміртау қаласындағы Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығында болып, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмірбаяны арқылы Қазақстанның Тәуелсіздік алуы мен ауыр индустрия алыбы – Қазақстан магниткасының құрылу тарихымен танысты.
7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд2 Шілде, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен Нарбай1 Шілде, 17:41
Алакөлден Ыстамбұлға дейін: жазғы демалысқа қайда баруға болады?