Кеше, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс
Алматыда өткен «Diamond Talеnts» ІІ халықаралық балалар мен жастардың конкурсында Нұр-Сұлтан қаласының күрд этномәдени орталығының «Зазан» балалар би ұжымы бірінші орынды иеленді.
Өнер ұжымдарының шығармашылық әлеуетін, кәсіби біліктілігін дамыту мақсатында өткен конкурсты Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен Таланттар академиясы өткізді.
Осымен екінші жыл қатарынан өткен конкурста балалар хореография өнерінен басқа ерекше жанр (цирк өнері, пантомима, гимнастика және т.б.), вокал, ансамбльдер мен оркестр, сахналық өнер, аспаптық орындау және көркемдік өнер номинациялары бойынша бақ сынасты.
Аталған конкурсқа еліміздің аймақтарынан, сондай-ақ Ресей жерінен хореографиялық ұжымдар қатысып, «Зазан» ұжымы сексеннен астам топтың ішінде «Халық биі» номинациясы бойынша бірінші орын алды.
«Зазан» балалар би ұжымы 2018 жылы құрылған, жетекшісі күрд этномәдени орталығының жастар қанатының мүшесі Салим Айлазов.
«Халық биі» номинациясы бойынша Гран-приді Ресейліктер иеленді.«Әр ұжым аталған номинация бойынша бір нөмір көрсетті. Біздің ұжымдағы балалардың жасы 5 пен 14 аралықта аралас болды. Бұл конкурс туралы әлеуметтік желіден көріп біліп, биіміздің бейнеролигін жібердік. Ұйымдастырушыларға ұнап, Алматыға шақырту алдық. Міне, нәтижесінде бірінші орынға қол жеткіздік», – деді Салим Айлазов.
Нұргүл ШАТЕКОВА
Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Қазақстан халқы Ассамблеясы порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Авторизация бойынша ank_portal@assembly.kz мекен-жайына хабарласыңыз.
Кеше, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды