1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді
Оқушылар сарайында Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен елордалық этномәдени орталықтардың «Этникалық полифония» атты есеп беру концерті өтті.
Концерттің ерекшелігі оның фольклорлық бағытында. Бағдарлама бойынша орындалатын вокалдық және хорегографиялық қойылымдар ұлттық нақыш пен темпераментке толы болды.
«Этникалық полифония» шымылдығын «Ван» елордалық армян этномәдени орталығының «Наири» ансамблі «Тавих» армян биімен ашты. Көрікті армян ұлттық киімдерінің қанық түсі жұртшылықтың көңілінен шықты. Арно Бабаджанянның «Элегея» композициясын Люсинэ Макунц фортепианода асқан шеберлікпен орындады. Армян этномәдени орталығының шығармашылық ұжымы кіші топтың «Кербез қыз» биін асқан шеберлікпен орындап, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.
Екінші болып өз шығармашылығын көпшілікке «Лад» РСҚ астаналық филиалы қоғамдық бірлестігінің мүшелері ұсынды. Олар «Масленица» орыс дәстүрін көпшілік назарына паш етті. Ал «Радуга» орыс әндерінің ансамблі көңілді частушкаларды шырқады. Орыстың ұлттық киімдері көз жауын алып, сахнаның сәнін келтірді.
Одан әрі көрермендер поляк музыка мәдениетінің сантүрлілігіне көз жеткізді. Сахнада Нұр-Сұлтан қаласының «Polacy» қоғамдық бірлестігі әдемі вальсті көрермендерге тарту етті. Ал «Стократка» және «Краснолютки» ансамблдері ұмытылмас, көңілді әндерді нақышына келтіріп шырқады. Кеш қонақтары би билеп, шығармашылық топпен бірге ән салды.
«Таң» татар-башқұрт этномәдени орталығы көрермендерді бей-жай қалдырмады. «Ялкын» және «Дуслык» ансамблі «Уфтанма», «Қаз қанаты», «Жиләкле жәй» және «Бул-бул» атты халық әндерін тамылжыта орындады. Әсел Ерғалина және «Таң» татар-башқұрт орталығының көркем өнерпаздары «Сабантуй» вокалды-хореографиялық композициясымен өнерлерін яқтады.
«Қырғызстан-Астана» этномәдени бірлестігінің өкілдері Мадина Мұқажанова мен Замира Сагинбаева қырғыздың «Нарындан жазган Салам кат» әнін нақышына келтіріп орындап шықты.
Есептік концертті «Дала өлкесі казактары» елордалық филиалы аяқтады. «Бородино», «Қаламқас», «Ямщик, не гони лошадей!», «Казак без коня – не казак», «Дала өлкесі казактарының», «Я на печке молотила» вокалды-хореографиялық композициялары көрермендердің ерекше ықыласына ие болды.
1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?1 Қазан, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?1 Қазан, 09:45
Алтынға апарар жол: Азиададағы боксшылардың нәтижесіне көңіл тола ма?