22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыЕлордалық Достық үйінде өткен өрт қауіпсіздігі бойынша жоспарлы оқу-жаттығулар нысанның төтенше жағдайларға толық дайындығын көрсетті.
Сценарий бойынша орталық бақылау пунктінің диспетчері шартты жану туралы дабылды қабылдады. Ғимаратта хабарландыру жүйесі іске қосылып, қызметкерлер шұғыл түрде жұмыс орындарын қалдырды. Осы уақытта ғимаратта 25-тен астам адам болды.
7 минуттан кейін шартты жану орнында Нұр-Сұлтан қаласындағы №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі өз жұмысын бастап кетті. Өрт сөндірушілер бірінші кезекте ғимаратта адамдардың қалмағанына көз жеткізді. Барлық эвакуациялық шығулар ашылып, шартты түрде өртті сөндіруге кірісті. Өрт сөндіру бөлімінің бір қызметкері оқиға хронологиясы журналында барлық іс-әрекеттерді тіркеп отырды.
Барлығы аяқталған соң, өрт сөндіру бөлімінің мамандары Достық үйінің қызметкерлеріне тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау туралы ережені ескерте кетті. Улы газбен уланудың алдын алу және өрт сөндіргішті дұрыс пайдалану туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
«Достық үйі нысанында өрт-тактикалық сабақтар кестесіне сәйкес біз 4 күн жаттығу жұмыстарын жүргіздік. №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінен 2 көлік келді: АЦП 8-40 және АЦП 6-40. Өрт сөндіруге 2 Б оқпан жұмылдырылды. Біріншісі өртті сөндіруге, ал екіншісі көрші ғимаратты қорғауға берілді. Жалпы оқу өте жақсы өтті. Қызметкерлердің өрт болған жағдайда дұрыс іс-қимыл жасауға дайын екендігін атап өткен жөн», - деді №1 МӨСБ бөлім бастығының орынбасары Талғат Абдрахманов.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев