23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіБиыл елорда саябағында 1 мамырдан бастап аттракциондар, ашық бассейндер, би алаңдары іске қосылады.
Қазір би алаңдары мен ашық бассейн кешендерінің аумақтарын абаттандыру жұмыстары аяқталуға жақын. Паркті қалпына келтіру кезінде «Уақыт өзені» субұрқағы бар басты аллея, «Сағат» стеласы, су шымылдығы бар үңгірлер, «Күннің көзі» композициясы, олимпиада чемпиондары алаңын жасау қарастырылған. Сондай-ақ, саябақта су арнасы мен жағалау, үш тас көпір, сарқырамасы бар көру алаңы және серпінді су бұрқақтар кешені болады.
Қайта қалпына келтіру кезінде парктегі тоғанның аумағы кеңейтілді. Саябақ «Merry go round» және «Сircus swing» әткеншектері, балаларға арналған «Aladin jet 6» мини-джет, «Balloon wheel»шағын көру дөңгелегі, «Wonder Flight» сияқты аттракциондармен толықты. Парк аумағында орнатылған тренажерлер ересектер мен балалардың спортпен шұғылдануына мүмкіндік береді.
Әзірлеген – Айбота ӨТЕУЛІ
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады