1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін бердіОтан қорғаушы күнін мерекелеу қарсаңында Астана қаласындағы жоғары оқу орындары әскери кафедраларының курсант қыздары ер-азаматтарды ерекше тәсілмен құттықтады.
Жүзден аса студент шаффл дэнс стиліндегі Tez Сadey «Seve» әніне танымал биді орындады. Осындай заманауи әдіспен Қазақстанның Қарулы Күштерінде қызмет ететін барлық әскери қызметші қыз-келіншектердің атынан жоғары оқу орындардың әскери кафедраларында оқитын қыздар еліміздегі барлық ер-азаматтарды Отан қорғаушы күнімен құттықтады.
Естеріңізге сала кетсек, «Жас ұлан» республикалық әскери мектебінің тәрбиеленушілері осы әуенге билеп, 8 Наурыз Халықаралық әйелдер күнімен барлық аналарды құттықтаған болатын.
Жалынды құттықтау тек Қазақстанның интернет-пайдаланушыларының ғана үлкен қызығушылығын оятып қана қоймай, шетелдіктерді де тамсандырды. Қазақстан мен шетелдің барлық танымал желілерінен бұл құттықтауды көргендердің саны миллионнан асты. Сонымен қатар көргендердің қатары күннен-күнге артып келеді.
Бұл идеядан шабыттанған қыздар, осыған ұқсас биді жауап ретінде Отан қорғаушы күнін айғақтайтын 7 санының үлгісін келтіре отырып, атышулы флэш-мобты орындады.
1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?1 Қазан, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?1 Қазан, 09:45
Алтынға апарар жол: Азиададағы боксшылардың нәтижесіне көңіл тола ма?