Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыҚаланың коммуналдық қызметі күшейтілген режимде қар күреу жұмысын тәулік бойы жүргізіп жатыр. Бұл жұмысқа күн сайын 2,5 мыңнан астам жол жұмысшысы жұмылдырылады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Астана әкімдігінің мәліметінше, 6 ақпан күндізгі ауысымда қар тазалау жұмысына 2627 жол жұмысшысы мен 1600-ден астам арнайы техника жұмылдырылды.
Ақпанның 5-і мен 6-сына қараған түні елордадан 3 566 рейспен қар полигондарына 51 мың текше метрден астам қар шығарылды.
Қыс мезгілінің басынан бері 421 721 ауыр жүк көлігімен қаладан 5,1 миллион текше метрден астам қар шығарылды, - делінген мәліметте.
Әкімдік жолдарда кептеліс болмас үшін ең алдымен қозғалысы өте қарқынды орындар тазартылатынын еске салды.
Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар