28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарЕлорданың коммуналдық қызметтері аязды күндерге қарамастан қаланы тәулік бойы тазартуды жалғастыруда. Күн сайын екі мыңға жуық жол жұмысшысы шығады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
12 қаңтар күні таңертең қар күреу жұмысына екі мыңға жуық жол жұмысшы мен мыңнан астам арнайы техника жұмылдырылды.
Өткен түнде қаладан 21 мың текше метрден астам қар немесе 1 568 жүк көлігі шығарылды.
Қыс мезгілінің басынан бері полигондарға барлығы 1,8 млн текше метрден астам қар шығарылды, бұл 142 167 ауыр жүк көлеміне тең.
Қаладағы негізгі тротуарлар мен көшелердің бәріне көктайғақты болдырмау және тұрғындардың жайлы қозғалысы үшін құм-тұз қоспасымен себіледі.
Естеріңізге сала кетейік, Астанада аптаның басынан бері қатты аяз орнап тұр. Елорда тұрғындары мен қонақтары көктайғақ кезінде қауіпсіздік, қозғалыс ережелерін қатаң сақтауы керек, сондай-ақ далада ұзақ уақыт болмағаны жөн.
28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?