23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіЕлордадағы шулы оқиға бейнебақылау камераларына түсіп қалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Азамат сатып алушы кейпінде Астанадағы дүкендердің бірінде ұрлық жасауға әрекеттенген. Күндізгі уақытта күдікті сауда орталығына кіріп, сатып алушы ретінде ерлерге арналған аксессуарларды қарай бастаған. Сөмкелердің бірін таңдап, оны пакетке салып, сауда залынан шығып кетпек болған. Алайда оның әрекеті сатушының назарынан тыс қалмады. Күдіктіні байқап қалған сатушы оны тоқтатып, пакетінің ішін көрсетуді сұраған. Осы кезде жігіт қашуға тырысқанымен, сатушы қыз оның артынан жүгіріп, қуып жеткен. Тауарды қайтаруды талап еткенде, күдікті кеңсе пышағын алып, бутиктің қызметкері мен араша түспек болған адамды қорқытқан. Осыдан кейін ол оқиға орнынан қашып кеткен. Қыз бірден полицияға хабар берді.
Жедел-іздестіру шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері “ізін суытпай” 27 жастағы күдіктіні анықтап, ұстады. Ол өз кінәсін мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Белгілі болғандай, ұсталған азамат бұрын да сотталған.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады