7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?Қонаев көшесінде «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрының жанындағы жер үсті жаяу жүргіншілер өткелін қайта жаңғыртуға байланысты осы жылдың 19 ақпанынан бастап жол қозғалысын ұйымдастыруға уақытша өзгеріс енгізілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қалалық әкімдік мәліметінше, Тұран даңғылының Сығанақ көшесінен Қорғалжын тас жолына дейінгі аралығында көлік жүктемесін азайту үшін Bus Lane, яғни автобус жолағымен жүруге уақытша рұқсат етіледі.
Қала тұрғындары мен қонақтары елорда жолдарындағы өзгерістерге түсіністікпен қарап, назарға алуды сұраймыз. Жер үсті жаяу жүргіншілер өткелінің құрылысы аяқталғаннан кейін жол белгілері қайта қалпына келтіріледі. Бұл туралы ақпарат әлеуметтік желілердегі ресми дереккөздерде қосымша жарияланатын болады. Автокөлік жүргізушілерінен жылдамдық режимін сақтауды және Қонаев көшесінің жабық учаскесін назарға алып, қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауды сұраймыз, - делінген мәліметте.
Естеріңізге сала кетейік, Астана ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімі бойынша биыл 19 ақпаннан 30 қазанға дейін Қонаев көшесінің Қабанбай батыр даңғылынан Тұран даңғылына дейінгі жол бөлігі жабылады. Бұл ретте көлік қозғалысы іргелес Достық және Сарайшық көшелерімен қамтамасыз етілетін болады.
7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд2 Шілде, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен Нарбай1 Шілде, 17:41
Алакөлден Ыстамбұлға дейін: жазғы демалысқа қайда баруға болады?