Кеше, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?«Таза Қазақстан» акциясы аясында Астанада өткен жалпықалалық сенбілік барысында елордадағы «Көктал» саябағына 300-ден аса түп ағаш отырғызылды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Ағаш отырғызуға елорда әкімдігі мен басқа да мемлекеттік органдардың қызметкерлері қатысты. «Көктал» саябағында 300-ден аса түп алма, қайың және басқа да көшет түрлері отырғызылды.
Бүгін «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында көгалдандыру және абаттандыру бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде. «Сарыарқа» ауданының аумағында 2500-ге жуық ағаш отырғызылды. Сондай-ақ тұрғындарға аулаларға егу үшін көшеттер таратылды, - деді аудан әкімі Жанасыл Шаукентаев.
Сенбілікте мемлекеттік органдардың, білім беру, Медициналық және мәдени ұйымдардың, ПИК/МИБ өкілдері, сондай-ақ тазалыққа бей-жай қарамайтын тұрғындар белсенділік танытты.
Кеше, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Кеше, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік