Тұрақтарды бізге өтеусіз беретін компания оңалту сатысында болған еді. Бүгін оңалтуды тоқтату туралы сот шешімі күшіне енді. Сондай-ақ өткізу туралы қосымша келісімге қол қойылды. Жақын күндері шартқа түпкілікті қол қойылады деп ойлаймыз, - деді Өтебаев.
Ақылы тұрақ – табыс көзі
Елорда әкімінің орынбасары тұрақ жүйесі елорда бюджетіне қанша табыс әкелетінін айтып берді.
Әкімдіктің мәліметінше, қала кеңейген сайын ақылы тұрақ та көбейе береді. Кей ауданда тариф бағасын қайта қарауы мүмкін.Қазір нақты айту қиын, бірақ бұған дейінгі кезеңдерде, іске қосылған сәттен бастап айыппұлдармен бірге 5 миллиард теңгеден астам қаражат түсті, - деді ол.
Қаланың өсуіне байланысты ақылы тұрақтар көбейеді. Кейбір жерлерде, атап айтқанда, сол жағалаудағы халық тығыз қоныстанған аудандарда баға саясаты көтеру жағына қарай өзгертілуі мүмкін, - деді Ерсін Өтебаев.
Алда тұрақтарды пайдалану ережелерін қайта қаралады.
Әлеуметтік нысандарда тегін тұрақтар нақты белгіленеді. Сондай-ақ демалыс күндері тұрақтарды тегін ету мәселесі пысықталып жатыр. Бүгінде тұрақ ақылы, бірақ ережелер қайта қаралады, - деді қала әкімінің орынбасары.
Тұрақтағы уақытқа ақша төленеді
2025 жылы елорда әкімі Жеңіс Қасымбек «Астана тұрақ кеңістігі» ЖШС-мен келісімшарт бұзылатыны туралы хабарлаған-ды. Бірақ тұрақтарды мемлекет меншігіне қайтару өте күрделі процесс екені де айтылды. Наурызда әкім орынбасары Ерсін Өтебаев ақылы тұрақтарды мемлекет бақылауына өткізу мәлімдеді. Енді жазға қарай қаладағы тұрақ жүйесі толығымен коммуналдық меншікке өтетіні айтылды. Бірақ толық мәлімдеме алда белгілі болады. Білетініміз, жүргізушілер көлігін ақылы тұраққа қанша минут қойса, сонша уақытқа ақша төлейді.