23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіНаурыз мейрамы қарсаңында Астана қаласындағы сервис және туризм колледж ұжымы ұмытылып бара жатқан қазақтың дәстүрлі тағамы – жентті дайындауды қолға алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Елорда әкімдігінің мәліметінше, бұл іс-шараға 15 өндірістік оқыту шебері, 31 оқытушы және 55 студент белсенді түрде қатысып, ұлттық тағамды әзірлеудің қыр-сырын меңгеруде.
Дайын өнімнің көлемі де таңғаларлық: жентке 50 кг талқан қолданылды. Оның жалпы ұзындығы – 15 метр, ені – 30 см, ал биіктігі – 4 см. Жалпы салмағы – 150 кг жуық, - делінген мәліметте.
Айта кетейік, жент – қазақтың аса шеберлікпен жасайтын әрі өте дәмді, тағамдық нәрі мол жеңсік тағамдардың бірі. Жент қыста қатпайды, жазда бұзылмайды, әрқашан дәмі мен нәрін сақтайды. Соған орай көшпелі халықтың дастарқанынан үлкен орын алған.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады