29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыБелгісіз біреу қала тұрғынының сеніміне кіріп, жарты миллион теңгеден астам ақшасын иемденген. Әйел қаскүнемнің банкет залының әдемі түрлі-түсті фотосуреттері салынған интернет желісіне орналастырған хабарландыруы бойынша қоңырау шалып, алаяқтың қармағына түсіп қалған.
– Жәбірленушінің айтуынша, ер адам өзін мейрамхана әкімшісі ретінде таныстырып, көп қонақпен іс-шара өткізуге уәде берген және 590 мың теңге мөлшерінде алдын ала төлем алған. Бұл қаражат ғимаратты броньдау үшін қажет деп түсіндірген. Тапсырыс беруші осы шартпен келісіп, қажет соманы берген. Күдікті ақшаны алып, қайта байланысқа шықпаған, – делінген Polisia.kz хабарламасында.
Нұр-Сұлтанның Полиция департаменті “Алматы” ауданы ПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында елорданың 33 жастағы тұрғынын ұстады. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 190-бабымен “Алаяқтық” сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек