Кеше, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?Елордада болған өрттен 4 адам зардап шекті, деп хабарлайды El.kz қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Департаменттің баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, 25 шілде күні сағат 22-05-те 101 пультіне Қобда көшесі 6 мекенжайында өрт болып жатқаны туралы хабарлама түскен.
Оқиға орнына жедел түрде Нұр-Сұлтан қаласының ТЖД құтқарушылары жіберілді.
Өрт сөндірушілер келгенде бір қабатты ғимарат өртеніп жатқанын, сондай-ақ екі қабатты ангардың шатыры, газ толтыру станциясында газ лаулап жанып жатқан.
– Өрт орнында өрт сөндіру штабы құрылды, өрт сөндіруші учаскелер ұйымдастырылды. Жедел жәрдем станциясының алдын ала ақпараты бойынша өрттен төрт адам зардап шеккен. Өрт сөндірушілер өртті сағат 00.05 - те ауыздықтады, – делінген хабарламада.
Кеше, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары