Бүгiн, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрікЖыл басынан бері елордада заңсыз такси қызметін көрсеткен 82 шетелдік анықталды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды El.kz
«Елордада таксимен жолаушыларды заңсыз тасымалдаумен негізінен шетел азаматтары айналысады. «Қауіпсіз жол» жедел-алдын алу іс-шарасы аясында 19 шілдеден бері елордада 32 заңсыз такси ұсталды. Жыл басынан бері тиісті тіркеусіз кәсіпкерлікпен немесе өзге қызметпен айналысқаны, іс-шараларды жүзеге асырғаны үшін 125 әкімшілік іс қозғалды. Оның ішінде 82 іс жақын шетелден келген заңсыз тасымалдаушыларға қатысты.
Сондай-ақ патрульдеу барысында полиция қызметкерлері шетелдік азаматтар басқарған екі заңсыз таксиді ұстады. Олардың екуі де Өзбекстан Республикасының азаматтары. Заңсыз такси қызметімен айналысқан шетелдіктерге қатысты Әкімшілік кодекстің 463-бабы бойынша хаттама толтырылып, көліктері айып тұрағына қойылды», - деп мәлім етті құзырлы органның баспасөз қызметінен.
Бүгiн, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді