6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерАстана қаласында «Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы белсенді іс-қимылдың 16 күні» халықаралық акциясының басталуы шеңберінде зорлық-зомбылықпен күрес бойынша Орталық Азиядағы кеңейтілген диалог өтіп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Іс-шараға Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкілі, мемлекеттік органдардың, азаматтық қоғамның өкілдері, ұлттық және халықаралық сарапшылар, сондай-ақ Түрікменстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Қырғыз Республикасының депутаттары онлайн және оффлайн қатысуда.
Бүгінде әйелдер мен қыздарға қатысты зорлық-зомбылық жаһандық мәселе болып отыр. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, бүкіл әлемдегі әйелдердің 35%-ы жыныстық зорлық-зомбылықтың және серіктессіз жыныстық зорлық-зомбылыққа тап болуда. Әлемде әйелдердің 7% - ы серіктестен басқа біреудің жыныстық зорлық-зомбылығына ұшырайды. Ал әйел затын өлтірудің 38% - на дейін жақын серіктес жасайды.
Шараның негізгі мақсаты – диалогтық кездесуге қатысушылардың адам құқықтары мен бостандықтарын сақтау, гендерлік теңсіздік, әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың негізгі себептері және олармен күресу жолдары мәселелерін талқылау.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі