Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыАстана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында жылумен қамту мәселесі жөнінде атқарылып жатқан шаруалар туралы мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
«Қаламызды жылумен ЖЭО-1 және ЖЭО-2 қамтамасыз етеді. Осы жылу электр орталықтарына жаңғырту жұмысын жүргіземіз. Сонымен ЖЭО-2-де 7 және 8 қазандықтың құрылысын жобалау ісі жүріп жатыр. Бұл қазандықтар сағатына қосымша 360 гигакалория қуат береді. Сондай-ақ ЖЭО-2 турбинасын жаңғыртуды жоспарлап отырмыз, ол электр қуатын 35 мегаваттқа арттырады.
ЖЭО-1-де үш газ-мазутты қазандығы газға ауыстырылды, өсім - 50 гигакалория, бұдан өзге түтін құбырын ауыстыруды жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар ЖЭО-1 және ЖЭО-2-дегі барлық су жылыту қазандығы газға ауыстырылды.
Сондай-ақ келесі жылыту маусымына дейін ЖЭО-3 және екі газ жылу станциясын қолданысқа беруді тапсырдым. Бұл шаралар жылумен жабдықтаудың қазіргі қуатын едәуір арттыруға әрі құрылысы жүріп жатқан аудандарды жылумен қамтуға мүмкіндік береді», — деп жазды елорда әкімі.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары