Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыАстанада жергілікті суару жүйелерін салу арқылы ағаштарды, бұталарды және гүлдерді суару сапасы жақсарады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қалалық әкімдіктің мәліметінше, қазіргі уақытта қаланың жасыл желегі екі жолмен суарылады: қолмен (суару машиналары) және автоматтандырылған суару жүйелері.
Жергілікті суару жүйелері мен ұңғымалар қаланың 56 саябағы мен алаңының аумағына орнатылды.
Бірқатар саябақтың аумағында жергілікті суару жүйелерін орнату жұмысы жүргізіліп жатыр. Суару мәселелерін Нұра-Есіл каналынан, Есіл және Ақбұлақ өзендерінен құбыр тарту, сондай-ақ терең ұңғымаларды бұрғылау жолымен шешу жоспарланып отыр.
Биыл Ақбұлақ өзенінен Сәтбаев көшесіне дейін ұзындығы 1200 метр болатын жергілікті суару жүйесі орнатылған құбыр тартылды.
Жамбыл Жабаев ескерткіші аумағында, Тәшенов, Пушкин көшелерінде суару жүйесі орнатылды, оған Ақбұлақ өзенінен су алынады.
Сондай-ақ Ботаникалық бақтың су қоймасынан Салтанатты қақпаға дейін құрылыс-монтаждау жұмысы және Мәңгілік Ел көшесі бойында құбыр тарту жұмысы жүргізіліп жатыр. Ұлы Дала және К-1 көшелерінде Нұра-Есіл каналынан су тарта отырып, магистральдық құбыр тарту жұмысы жүргізілуде.
Бұдан басқа, келер жылы 100 бірлік суару жуу техникасын сатып алу жоспарланып отыр, бұл жасыл желектерді суаруды жақсартуға мүмкіндік береді.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары