Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек23 қаңтарда Астана қаласының «QAZAQSTAN» жеңіл атлетика кешенінде жеңіл атлетикадан Astana Meeting World indoor tour өтеді. Бұл туралы El.kz ақпараттық агенттігі Жеңіл атлетика федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
World ATHLETICS INDOOR TOUR – 2016 жылдан бері өткізіліп келе жатқан жабық орындағы жеңіл атлетика жарыстарының жыл сайынғы сериясы.
Серия жабық манеждегі жеңіл атлетика жарыстарының беделін арттыру мақсатында Гауһар лигасының үлгісінде жасалған.
Astana Meeting жарыстың күміс статусына ие. Бағдарламаға жеңіл атлетиканың 9 түрі енгізілген. Жарыстың әр түріне отандық спортшылармен қатар шетелдік спортшылар бақ сынасады. Жарысқа АҚШ, Португалия, Бразилия, Эфиопия, Марокко, Куба, Барбадос және т.б. елдерден 30-ға жуық спортшы қатысады.
Бағдарламаның әр түрінің жүлде қоры 4000 АҚШ долларын құрайды.
Бұл жарыс отандық жеңіл атлетиканың халықаралық деңгейдегі беделін және спортшылар арасындағы бәсекелестікті арттырады.
Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?