14 Маусым, 21:04
Президент ат қойған Ақниет пен Бөрте туралы не білеміз?Астана қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында елордада жел электр станциясы салынатынын мәлім етті, деп хабарлайды El.kz
«Елордада шетелдік жеке қаражат есебінен жел электр станциясын (ЖЭС) салуды жоспарлап отырмыз. Бұл мәселені Италияның ENI мұнай-газ компаниясымен («Arm Wind» ЖШС), ҚР Энергетика министрлігі өкілдерімен бірлесе пысықтап жатырмыз.
Жел электр станциясының қуаты бірінші кезеңде 50 МВт болады, ал одан әрі 100 МВт-тан аса ұлғайтуға мүмкіндігі бар.
Жаңартылатын энергия көздері саласындағы бұл жоба электр энергиясының қосымша маңызды көлемін құруға мүмкіндік береді. Осы арқылы құрылысы жүріп жатқан болашақ аудандарды электр энергиясымен қамтамасыз етеді.
Осы мақсатта тартылатын шетелдік жеке инвестициялар сомасы 50 млрд теңгеге жуықтайды. Қазіргі уақытта техникалық-экономикалық негіздемесі әзірленіп жатыр.
Мемлекет басшысы жаңартылатын энергия көздері секторын кеңейтудің және еліміздің электр энергетикасы саласын дамытудың ерекше маңыздылығына тоқталып өтті. Себебі қазір энергетика ел экономикасында негізгі рөл атқарады.
Президент еліміздегі «жасыл» технологиялардың үлесі 2030 жылға қарай 15%-ға дейін артуы тиіс екенін атап өтті», – деп жазды елорда әкімі.
14 Маусым, 21:04
Президент ат қойған Ақниет пен Бөрте туралы не білеміз?8 Маусым, 16:10
Жолы болмаған чемпион: Германияға 30 жылдан кейінгі жеңісті сыйлаған Зверев кім?2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды