Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекАстанада 21 жастан 35 жасқа дейінгі жас кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған шағын несие беру басталды. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Өтініш берген сәтте жастардың жеке кәсіпкер ретінде тіркелген уақыты 5 жылдан аспауы тиіс.
Жас кәсіпкерлер 5 миллион теңгеге дейін жылдық 2,5% номиналды сыйақы мөлшерлемесі бойынша 5 жылға дейін кредит ала алады.
Негізгі борыш пен сыйақыны өтеу кезінде шағын несие мерзімінің үштен біріне дейін жеңілдік кезең қарастырылған.
Аталған микрокредит кепіл мүлікпен қамтылуы міндетті.
Кепіл ретінде жылжымалы (арнайы техника) және жылжымайтын мүлік қабылданады. Кепіл мүлік болмаған жағдайда кепіл берушіні (ата-анасын, туыстарын және т.б.) тартуға құқығы бар.
Жастарға микрокредит беру туралы шешімді конкурстық комиссия қабылдайды.
Микрокредит алуға өтініштер «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ның Астана қаласындағы филиалында Астана қаласы, Тұран даңғылы, 19/1, «Эдем» БО мекен-жайында қабылданады (анықтама телефоны: 8-701-006-16-38, коллцентр 5353).
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?