Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыЕлордада жас ақын-жазушылар арасында аймақтық шығармашылық байқау өтеді. Бұл туралы «AMANAT» партиясы Астана қалалық филиалы мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Елорда әкімдігінің мәліметінше, өңірлердегі жас таланттарды қолдауды, шығармашылығын насихаттауды мақсат ететін байқау негізгі үш номинация – «Поэзия», «Проза» және «Балаларға арналған шығарма» бойынша өткізіледі.
Байқаудың ұйымдастырушысы – «AMANAT» партиясының Астана қалалық филиалы.
Шығармалар 2024 жылы 19 тамыз күні сағат 9.00-ден 20 қазан күні сағат 18.00-ге дейін қабылданады. Байқауға келіп түскен жұмыстарды байқау комиссиясы 2024 жылы 21-27 қазан аралығында қарап, 2024 жылдың 31 қазанына дейін жеңімпаздарды марапаттау рәсімін өткізеді.
Байқауға 18-ден 45 жасқа дейінгі авторлар қатысуға құқылы. Бір автор тек бір номинацияға қатыса алады. Байқауға қазақ тіліндегі жұмыстар ғана қабылданады. Байқауға Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдық мерейтойына, «Еңбек адамына», еркін тақырыпқа арналған шығармалар қабылданады.
Байқау бойынша толықтай ақпаратты жүктелген Ережеге сәйкес білуге болады.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары