6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерАстанадағы белсенді ұзақ өмір сүру орталығында күзгі сауықтыру маусымы ашылды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Қала әкімдігінің ақпаратына сүйенсек, дүйсенбі мен жұма күндері аралығында сағат 8.00 – 11.30-ге дейінгі уақытта «Жетісу», «Жерұйық», Президенттік, Орталық және Ботаникалық саябақтарда скандинавиялық серуеннен таңғы сауықтыру жаттығулары өтеді.
Орталықтың спорт нұсқаушылары демалу саябақтарында зейнеткерлердің қатысуымен сауықтыру жаттығуларын өткізуді жоспарлап отыр. Бұл бастама қала тұрғындарының денсаулығын нығайту және спорттық белсенділікті арттыру мақсатында ұйымдастырылады.
Күзгі сауықтыру жаттығуларына қатысу барлық қала зейнеткері үшін тегін. Сауықтыру жаттығулары қыркүйек-қараша айларында кестеге сәйкес жалғасатын болады.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі