23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Нұр-Сұлтан қаласында 10-11 қыркүйекте өтетін ауыл шаруашылығы жәрмеңкесінде Қызылорда облысы өз өнімдерін ұсынады, деп хабарлайды El.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Бұл өңірдің 70-ке жуық тауар өндірушісі елордаға 500 тоннадан астам өнім әкелмек. Олар: 210 тонна асқабақ, 100 тонна күріш, 80 тонна көкөніс пен жеміс, 50 тонна асқабақ, 30 тонна балық өнімдері, 15 тонна ет, 10 тонна сүт өнімдері, 5 тоннаға жуық кондитерлік өнімдер және 3 тонна ас тұзы.
Еске салайық, бұл жәрмеңке облыстың ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілеріне өз өнімдерін тұтынушыларға делдалсыз тікелей өткізуге мүмкіндік береді, нәтижесінде ауыл шаруашылығы өнімдерінің бағасы нарықтағы бағадан 10-20 пайызға төмен болады.
Жәрмеңкелер 13 қарашаға дейін әр сенбі және жексенбі күндері өтеді. Өтетін орны: «Астана-Арена» стадионының жанындағы алаң, Тұран 48.
17-18 қыркүйек күндері Алматы және Жетісу облыстарының кәсіпкерлері өз өнімдерін ұсынады.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік