2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліЕлордадағы Республикалық бас мешітте әл-Азһар шейхы, Жоғары мәртебелі имам Ахмет Тайып жамағатқа жұма уағызын айтты, деп хабарлайды El.kz ҚМДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Ислам – терроризм діні емес. Екеуі от пен су секілді екі бөлек ұғым. Асыл дініміз әлем халқын бейбіт өмір сүруге және ауызбіршілікке үндейді. Діннің діннен, ұлттың ұлттан, адамның адамнан артықшылығы жоқ. Барлығы да – Алланың құлдары. Сондықтан айналаңыздағы адамдарды жақсылыққа, ынтымаққа, бірлікке шақырыңыздар», деді Жоғары мәртебелі имам Ахмет Тайып.
Сондай-ақ әл-Азһар шейхы қазақ даласынан шыққан ойшыл Әбу Насыр әл-Фараби бастаған дін ғұламалары Исламды әлемге дәріптегенін, сол білімнің шарапаты араб халқына да тигенін айрықша атап өтіп, сол ілім иелерінің асыл еңбегі үшін қазақ халқына алғысын білдірді.
Уағыздан кейін ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы қазақы қонақжайлықпен шейх Ахмет Тайыптың иығына шапан жауып, Ислам дінінің дәріптелуіне, діни білім мен ғылымның дамуына ерекше үлес қосқан тұлғаларға берілетін Діни басқарманың «Шарапат» медалімен марапаттады.
Айта кетейік, әл-Азһар шейхының жұма уағызына 20 мыңнан астам адам қатысты.
2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі2 Қараша, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс