30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыАстанада жас отбасылар арасындағы «Үздік жас отбасы» байқауы өтіп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Оған қатысуға 50-ден астам отбасыдан өтінім түскен. Байқау шартына сәйкес олардың ішінен 10 отбасы іріктеліп алынды. Солардың бірі – астаналық Тырнақановтар отбасы.
«Бұл байқаудың көпке тигізер пайдасы мол. Әр отбасы қазақтың салт-дәстүрін ұстанып, балаларына көрсетіп отырғаны жөн. Сол арқылы саналы ұрпақ тәрбиелейді. Бұл отбасындағы құндылықтарды көпшілікке көрсетуді, ерлі-зайыптылардың бір-бірінің сыйластығы, махаббатының беріктігін көрсететін байқау деп ойлаймын. Мақсатымыз – көпшілікке өзімізді ең өнегелі әрі үлгілі отбасы екенімізді көрсету», - деді қатысушы Нұргүл Тырнақан.
Ал әділ қазылар алқасы қатысушыларды тыңдап, әділ бағасын береді. Оның құрамында «Бәйтерек» тобының әншісі Ерлан Малаев, Астана қаласы әкімдігі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия мүшесі Ырза Тұрсынзада, №2 көпбейінді қалалық балалар ауруханасының директоры Гүлнар Кулушева және т.б. бар.
Қазылар алқасы қатыушыларды 3 байқаудың қорытындысы бойынша анықтайды. Бірінші тапсырма – таныстыру бойынша бейнеролик көрсетіледі. «талантты отбасы» атты екінші кезеңде қатысушылар өнерін көрсетеді. Ал соңғы «Сөз тап» ойынында ер-зайыптылардың бірі сөзді қимылмен көрсетсе, екіншісі жасырынған сөзді табуы керек.
Іс-шара барысында қазылар алқасы үздіктерді анықтады. Олар:
1 орын (500 000 теңге) – Сәдуақас отбасы,
2 орын (350 000 теңге) – Садықовтар,
3 орын (250 000 теңге) – Кожахметовтер,
Сол сияқты 7 үздік отбасыға 100 000 теңгеден табысталды. Олар: Нұрымбет, Арушаевтар, Исабай, Мерземхан, Есенжолов, Құлшар, Даулетовтер отбасы.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды