Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек«Барыс-Арена» сарайының сахнасында аты аңызға айналған «Ulytau» этно-рок тобының 25 жылдығына орай үлкен шоу өтті. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Топтың 25 жылдығына орай ұжымның негізін қалаушы әрі продюсері Қыдырәлі Болманов бастаған «Ulytau» тобы Астанада эстрада жұлдыздарының қатысуымен үлкен концерт өткізді. Олардың қатарында Қарақат Әбілдина, Майра Мұхаммедқызы, RaiM, Kalifarniya, Amre, Qanay бар.
Көрермендер этно-рок тобының сүйікті әртістерімен дуэтін тамашалады.
«Ұлытау» – бұл батыс пен шығыс мәдениеттерінің бірігуі әрі әлемде осы аспаптық жоба сияқты өзге баламалары жоқ. Қазіргі заманғы аранжировкалар, ерекше стиль, классикалық композициялар мен халық әуендеріне мүлдем жаңа, заманауи және стандартты емес үн береді.
Топ музыканттары қазақтың әйгілі Құрманғазы, Дәулеткерей, Тәттімбет, Нұрғиса Тілендиев секілді күйшілердің, сол сияқты әлемдік Бах, Вивальди, Паганини туындыларын орындайды әрі қазақтың халық шығармаларына да көп көңіл бөледі.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?