Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек4-10 қыркүйекте Астана қаласында ұлттық спорт түрлерінен VI фестиваль өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Фестивальге 11 спорт түрінен 1362 спортшы қатысады.
Оқи отырыңыз:
Ұлттық спорт түрлерінен VI фестиваль – спортшылардың ғана емес, еліміздегі барлық өңірдің өзара сынасатын алаңы. Яғни фестиваль нәтижесінде еліміздегі ұлттық спортты жоғары деңгейде дамытып отырған үздік 3 өңір анықталады. «Ұлттық және ат спорты түрлері орталығына» қарасты асық ату, аударыспақ, бәйге, дәстүрлі садақ ату, жамбы ату, жекпе-жек, көкпар, қазақ күресі, құсбегілік, теңге ілу, тоғызқұмалақ спорт түрлері бойынша 17 облыс, 3 қаладан 1362 спортшы тіркелді, - деді ҚР ТСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары Бекболат Байжанов.
Оның сөзінше, фестиваль өзінің жиырма жылдық жолында жан-жақты жетіліп келеді, кезінде фестивальдің бағдарламасында «қыз қуу» секілді ойынымыз да болған, спорт түрінің аясының тарылуына байланысты алынып, биыл дәстүрлі садақ ату спорты қосылып отыр. Сонымен қатар көкпардағы жекпе-жек аттарының жеке жарысы көрсетілім ретінде енбек. Бұл елдегі көкпар аттарының дайындығын жетілдіруге жол ашады.
Ұлттық спорт жанкүйерлері 4-10 күндері қазақ күресін Ж.Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында, асық ату мен тоғызқұмалақты «Qazaqstan» жеңіл атлетика спорт кешенінде, жекпе-жек спортын «Аспан» спорт кешенінде тамашалай алады. Ал көкпар, бәйге, теңге ілу, жамбы ату, аударыспақ, дәстүрлі садақ ату, құсбегілік спорттары «Қазанат» ипподромында өтеді.
Өткен жылы Түркияда ұлттық спорттың халықаралық аренадағы үлкен жарыстарының бірі IV дүниежүзілік көшпенділер ойындарында да ҚР ұлттық құрамасының қатысуына жан-жақты мүмкіндіктер жасалып, нәтижесінде ұлттық құрама 3 алтын, 4 күміс, 2 қола иеленді.
Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?