Кеше, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді29 мамырда елордадағы «Көрме» орталығында (Достық көш.,3) «Қазақстан республикасында целлюлоза-қағаз өнеркәсібін және қаптама индустриясын дамыту» тақырыбындағы форум өтеді.
Іс-шараны Қазақстан халқы Ассамблеясының кәсіпкерлер қауымдастығы мен Қазақстанның қаптаушылар қауымдастығы бірлесіп ұйымдастырады.
Форумға Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – ҚР Президенті Әкімшілігінің ҚХА хатшылығының меңгерушісі Жансейіт Түймебаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, мемлекеттік органдардың өкілдері, аталған саладағы ірі кәсіпорындардың басшылары, кәсіпкерлер, қоғам белсенділері мен тағы басқалары қатысады деп күтілуде.
Форум тамақ өнеркәсібі, қайта өңдеу және қаптама индустриясы саласындағы шетелдік және отандық мамандардың дәстүрлі кездесу орнына айналған XXI «Тамақ өнімдері, сусындар, ингредиенттер, тамақ өнеркәсібіне арналған қаптама және жабдықтар» Қазақстандық халықаралық көрмесі (бұдан әрі – «InterFood Astana») аясында өтеді.
Сессияларда мемлекеттік органдар қаптама индустриясы саласындағы бүгінгі күнгі қолдау шаралары мен өнеркәсіптік саясат туралы баяндайды. Іс-шара барысында тауарды өткізу нарығын іздестіру мәселесі талқыланады, сондай-ақ, экспорттаушыларды қолдаудың бүгінгі таңдағы жағдайы және әзірленіп жатқан құралдары туралы айтылады деп жоспарлануда.
Анықтама: 2018 жылғы көрмеге Әзірбайжан, Беларусь, Германия, Индонезия, Қазақстан, Қытай, Корея, Қырғызстан, Ресей, Түркіменстан және Өзбекстан сияқты әлемнің 11 елінен 90-нан астам компания қатысты. Көрмені 2700 маман тамашалады.
Кеше, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келедіКеше, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі2 Қараша, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік