22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыЕлордалық Достық үйінде Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан халқы ассамблеясының қолдауымен «Таң» татар-башқұрт этномәдени орталығы «Каз омәсе» атты ежелгі татар мерекесін атап өтті.
Алғашқы сөз Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Ләззат Құсайыноваға берілді. «Каз омәсе» мерекесін тойлау арқылы біз жаңа дәстүрмен танысып, қазақ халқымен ұқсастығына көз жеткізіп жатырмыз. Әрбір шаңыраққа денсаулық пен молшылық тілеймін», - деп хатшылық меңгерушісі жиналған қауымды мерекемен шың жүректен құттықтады.
«Балапанды күзде санайды» демекші, ауыл тұрғындары қаз өсіретін ағайын-туыс, ауылдастарына көмектесіп, қол ұшын береді. Бірінші бәрі жабылып, бір үйдің қаздарын сойысып, жүнін жұлысып болған соң, келесі үйге қолғабыс етеді. Одан бөлек, қарға ботқасы, сәламәтлек секілді ұлттық мерекелерімізді әлі күнге дейін тойлап келеміз», - деп атап өтті елордалық «Таң» татар-башқұрт этномәдени орталығының төрағасы Сергей Садыков.
«Таң» татар-башқұрт этномәдени орталығының жастары татар халық билері мен әндерін, қызықты ойындар мен викториналық сұрақтарды көрермендер назарына ұсынды. Кеш қонақтары сондай-ақ, қазды бөлу шеберлігімен толықтай таныса алды.
Айта кетейік, «Каз омәсе» қазақ тіліне аударғанда «Қаз қауырсыны» деген мағынаны білдіреді. Бұл мереке кез келген татар ауылының өміріндегі ерекше оқиға болып саналады. Дәстүр бойынша мереке күні қаздың еті пісіріледі. Сондай-ақ, болашақ қалыңдықтар бір-бірімен түрлі жарыстар бойынша сынға түсіп, әзіл мен ән айту шеберлігінен жарысады.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев