22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыПолиция қызметкерлері ерлікпен қаза тапқан әріптестері — Жанайдар Жирентаев пен Әбдіғаппар Дильмановты тағзыммен еске алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жанайдар Жирентаев 1960 жылдың 25 қыркүйегінде дүниеге келген. 1994 жылы 4 ақпаннан 5 ақпанға қараған түні Ақмола қаласы ІІБ Шығыс бөлімінің қылмыстық-іздестіру жедел уәкілі болып қызмет атқарып жүрген кезінде милиция кіші лейтенанты қызмет барысында ерлікпен қаза тапты. Әбдіғаппар Дильманов 1977 жылдың 22 желтоқсанында дүниеге келген.
Астана қаласы Алматы ауданы ІІБ әкімшілік полиция бөлімі №20 полиция бөлімшесінің қызмет инспекторы лауазымына тағайындалған болатын. 2001 жылдың 14 мамырында мал ұрлығын ашу кезінде қызмет бабында қаза тапты. Еске алу рәсіміне жиналғандар батырлардың рухына бір минут үнсіздікпен тағзым етіп, олардың ерлігіне, қызметке деген шексіз адалдықтарына құрмет білдірді. Өз өмірлерін ел тыныштығы мен халықтың қауіпсіздігі жолында қиған ерлердің есімі мәңгілік жадымызда сақталады.
Полиция қатарында мұндай қаһарман тұлғалардың болғаны – абырой мен мақтаныш. Қызметте ерлікпен қаза тапқан ерлердің есімі полиция қызметкерлерінің жүрегінде мәңгі сақталады. Бейбіт заманда олар антына соңына дейін адал болып, азаматтардың тыныштығы мен қауіпсіздігі үшін жанын қиды.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев