23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Астанада танысының үйіне қонаққа барған Ұлытау облысының тұрғыны ұрлық жасаған. 41 жастағы ер адам танысының әйелінің алтын бұйымдарын қолды еткен, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Елордалық Полиция департаментінің мәліметінше, келтірілген шығын сомасы 200 мың теңгені құраған. Полицияға арызданған жәбірленушінің айтуынша, алтын бұйымдар оның әйеліне тиесілі болған.
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде күдікті азамат ұсталды. Ер адам ұрлық жасағанын мойындаған. Тіпті полицейлерге ұрланған бұйымдарды ломбардқа тапсырып, түскен ақшаны жұмсап жібергенін де айтқан.
«Ұрлық» бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Қазіргі таңда полицейлер күдіктінің қала аумағында жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоқтығын анықтауда.
Оқи отырыңыз:
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік