6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерАстананың жеті көшесінде Bus Lane енгізіледі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі City Transportation Systems компаниясына сілтеме жасап.
Автобус жолақтарының жалпы ұзындығы 58,6 шақырым болады. Ол көшелердің тізімінде – Мәңгілік ел даңғылы, Тұран даңғылы, Тәуелсіздік даңғылы, Керей Жәнібек хандар көшесі, Ұлы Дала даңғылы, Р.Қошқарбаев даңғылы, Ш. Айтматов көшесі бар.
Компания мамандары бұл қоғамдық көліктің жүру уақытын 6 минутқа қысқартатынын атап өтті.
18 минуттан 12 минутқа дейін. Сондай-ақ, автобустардың қозғалыс жылдамдығын 16 км/сағ-тан 19 км/сағ-қа дейін арттыруға ықпал етеді. Бөлінген жолақтарды енгізу мерзімін мамыр айының соңынан бастап хабарлаймыз, - дейді компания мамандары.
Еске салайық, Bus Lane жобасы алғаш рет 2015 жылы енгізілді.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі