23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді«Қазақстан Темір жолы» ұлттық компаниясы елорда тұрғындары мен қонақтарына арнап «Салтанат қақпасы» монументінің жанында жаңа гүлзарды сыйға тартты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Алаңның ашылуы 5 тамыз күні Есіл ауданының туған күніне орай өтті. Алаң аумағында жапырақты ағаштар да отырғызылды.
Алаңның жалпы ауданы 1 га құрайды және оған балалар ойын алаңы, work-out тренажерлары, орындықтар, көгалдандырылған орындар және т.б. кіреді. Сквердің құрылысы ұлттық компания мен Есіл ауданының әкімдігі арасында бұрын қол қойылған меморандум аясында жүзеге асырылды.
«Есіл ауданының 15 жылдығына орай жаңа алаң ашылды. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, ауданымыздың барлық тұрғынын құттықтаймын! Біз тұрғындардың жайлы өмір сүруіне жағдай жасай отырып, ауданның гүлденуі үшін бар күшімізді саламыз», – деп атап өтті Есіл ауданының әкімі Асылбек Есенбаев.
Астана әкімі Жеңіс Қасымбек биыл қала бойынша 165-тен астам аула мен қоғамдық кеңістік (саябақтар, гүлзарлар, желекжолдар) абаттандырылатынын атап өтті. Жұмыстың басым бөлігі аяқталды. Мысалы, Амман және Абылай хан көпірлерінің астында жаяу жүргіншілер өткелдері ашылды. Олар Ақбұлақ өзенінің бойындағы саябақ кластерін өзара жалғай түседі.
Орталық жағалаудың тарихи көшелері (Желтоқсан, Бейбітшілік, Бұқарбай батыр көшелері) және тағы басқа жаяу жүргіншілер жолы құрылды – Қ.Мұнайтпасов көшесінен Петров көшесіне дейінгі жұмыс аяқталды. Жаяу жүргіншілер жолының жалпы ұзындығы 3,5 км құрайды. Қаланың барлық ауданында қоғамдық кеңістіктер мен аулаларды абаттандыру жұмысы қарқынды жүргізіліп жатыр.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады