23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіАстанада таеквондодан (WT) жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Төрт күнге созылған Қазақстан чемпионатының нәтижесі бойынша жалпы медаль кестесінде Астана қаласы (5 алтын, 5 қола) көш бастады. Екінші орынға Алматы қаласы (4 алтын, 4 күміс және 4 қола) жайғасса, Алматы облысы (4 алтын, 2 күміс, 2 қола) үздік үштікті түйіндеп отыр.
Чемпионат нәтижесінде жаңа спорт маусымына таеквондодан Қазақстан жасөспірімдер құрамасы жасақталып, 2025 жылғы әлем чемпионатына қатысатын спортшылар тізімі анықталды.
Әлем чемпионатына жолдамалар күмән келтірмейтіндей әділ үлестірілуі үшін федерация басшылғы осындай ашықтықты ұсынды. Қазақстан чемпиондары Фуджейрада өтетін жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатына жолдама, ал финалистер Малайзияда чемпионатқа қатысуға мүмкіндік алады, - дейді таеквондодан Қазақстан жасөспірімдер құрамасының аға жаттықтырушысы Нұрдәулет Асханов.
Айта кетерлігі, Бүкіләлемдік таеквондо (WT) федерациясының ережесіне сай, жасөспірімдер арасындағы біріншілікте спортшылар биыл алғаш рет салмақ дәрежелері бойынша өзара мықтыны анықтады. Бұған дейін спортшылар бойының ұзындығы бойынша сынға түскен.
Астана қаласының спортшыларының нәтижелері:
Қыздар:
1-орын: Аяжан Таңжарық (55 кг);
3-орын: Кристина Ким (29 кг).
Ұлдар:
1-орын: Руслан Стацина (37 кг);
1-орын: Ерсұлтан Оразбекұлы (49 кг);
1-орын: Аятжан Әмірханов (57 кг);
1-орын: Мирас Есенгелді (65 кг);
3-орын: Аслан Заманбеков (61кг).
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады