30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыҰлттық академиялық кітапханада Мысырдағы мәмлүктер тарихын зерттеуші Қайрат Сәки студенттерге дәріс оқып, «Сұлтан Байбарыс әлемі» көрмесінің таныстырылымын өткізді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Сұлтан Байбарыстың 800 жылдығына орай республика көлемінде танымдық іс-шаралар өтуде. Алайда мерейтойды атап өту үшін қаражат әлі қарастырылмаған. Дегенмен, меценаттардың көмегі тиеді деген үміт бар дейді тарихшы.
«Қазақ екені дәлелденбесе де, ол біздің бабаларымыз. Билеуші ретінде мықты стратег бола білген Сұлтан Байбарыс жайлы теріс оқиғалар мен пікірлер қалыптасқан. Тарихты зерттей отыра талай шындықтың беті ашылды. Сұлтанның есімінің өзінде қателік кеткенін дәлелдеуге қаншама архивтер ақтарылды», - дейді Қайрат Сәки.
Дәрісте болашақ тарихшыларға мәмлүк мемлекетін 250 жыл басқарған Қыпшақ династиясының негізін салушы Байбарыстың күрделі өмір жолымен таныстырды. Студенттер тарих беттеріндегі фактілеріне пікір білдіру барысында дисскуссия орын алды.
Көрмеге арнайы дәрісшінің жылдар бойы жинаған авторлық еңбектері мен кітаптары және ҚР Ұлттық архивінен алынған және зерттеуді талап ететін қолжазбалар - Түрік мемлекетіндегі биліктің ерекшелігі, Мәмлүктер мен Алтын Орда арасындағы қарым-қатынастар туралы мәліметтер және Алтын ордадағы діни, саяси жағдайлар туралы айтылатын құнды деректі қолжазбалар мен сирек кітаптар ұсынылды.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды