1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін бердіАстанада су тәуліктің әр уақытында әртүрлі қысыммен берілетін болды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Бұл туралы I komek қызметі мәлімдеді.
«Қала халқының өсуіне және елорданың қарқынды дамуына байланысты ауыз су өндіру бойынша жобалық қуаттардың тапшылығы байқалады. Қазіргі уақытта «Астана Су Арнасы» МКК су қысымын реттеу бойынша шаралар қабылдауға мәжбүр.
04:30-дан 09:30-ға дейін су қысымы жоғары режимде болады,
09:30-дан 12:00-ге дейін төмен қысымда
12:00-ден 14:00-ге дейін жоғары қысымда
14:00-ден 18:00-ге дейін төмен қысымда
18:00-ден 00:00-ге дейін жоғары қысымда
00:00-ден 04:30-ға дейін төмен қысымда» делінген хабарламада.
Бұл шаралар жаңа сорғы-сүзу стансасы іске қосылғанға дейін қабылданады. Сорғы-сүзгі станциясының құрылысы 2021 жылдың күзінде басталды. Оның қуаттылығы тәулігіне 105 мың текше метрді құрайды.
Жаңа ССС құрылысының аяқталуы - ағымдағы жылдың жазы.
1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?1 Қазан, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?1 Қазан, 09:45
Алтынға апарар жол: Азиададағы боксшылардың нәтижесіне көңіл тола ма?