23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіАстана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек әлеуметтік желідегі ресми парақшасында су тасқынының алдын алу бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы жазды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қыста қар молынан жауды. Қыс мезгілінің басынан бастап қаланың коммуналдық қызметтері 7,8 млн текше метрден астам қар шығарды. Қалада су тасқынының алдын алу бойынша белсенді жұмыс жүргізіліп жатыр. Жалпы алғанда 65 000 погонды метр арық-науа желісі тазартылды, 27 мыңнан астам погонды метр коллекторлар жуылды, сондай-ақ 1 мың 340 тоннадан астам тұнып қалған лай шығарылды. Жедел ден қою үшін азаматтық қорғаныстың арнайы тобы құрылды. Гидротехникалық құрылыстарды қайта жаңғырту мен нығайтуға ерекше көңіл бөлінеді. Атап айтқанда, арнайы реттегіште Жібек жолы ауылы ауданындағы Есіл өзенінің 3,8 шақырымнан астам ескі арнасы тазартылды, сол сияқты Нұра өзеніне су бұру және су бұру арнасын салу жұмысы аяқталуға жақын, - деді Елорда әкімі.
Оның айтуынша, Майбалық көлінде ұзындығы 5,4 км жалғастырушы арна тазартылған.. Бұл су бұру жұмысын жақсартуға және су тасқыны кезінде қаладағы жүйеге түсетін жүктемені азайтуға мүмкіндік бермек.
Су тасқынының алдын алу шаралары аясында өзен арналары мен арықтар тазартылып, кеңейтіліп жатыр. Алматы ауданындағы индустриалды паркте еріген қар суының өткізу қабілетін арттыратын Ақбұлақ арнасы тазартылып, айналма канал орнатылуда. Сонымен қатар, Телман ауданындағы су сорғы станциясын қорғау шаралары жүргізіліп жатыр, - деп жазды Жеңіс Қасымбек.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады