23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіАстанада студенттік волонтерлікті дамыту мәселесі талқыланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мәдениет және ақпарат министрлігі мен «Тұран-Астана» университеті «Студенттердің волонтерлік қызметке қосатын үлесі, саладағы сын-тегеуріндер мен келешегі» атты республикалық дөңгелек үстел ұйымдастырған болатын.
Аталған іс-шараның мақсаты – студент жастар арасында волонтерлік мәдениетті нығайту болып отыр. Кездесуде волонтерлікті студенттік өмірдің ажырамас бөлігіне айналдыру, жастар арасында сұранысқа ие жобалар мен оларды дамыту тәсілдері, волонтерліктің кәсіби дағдыларды қалыптастыруға ықпалы секілді мәселелер көтерді.
Студенттер білім беру платформаларын құрып, тәжірибелі волонтерлермен тұрақты кездесулер ұйымдастыруды және волонтерлікті насихаттау үшін әлеуметтік желілер мен цифрлық құралдарды белсенді пайдалануды ұсынды.
Дөңгелек үстел волонтерлікті дамытуға, тәжірибе алмасуға және әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған жаңа бастамаларды іске асыруға мүдделі студент жастарға арналған диалог алаңына айналды.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады