Кеше, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліНұр-Сұлтанда спортшыларға арналған Медицина орталығы ашылды. Бұл туралы елорда әкімі Алтай Көлгінов Instagram-парақшасында мәлім етті, – деп хабарлайды El.kz.
Мәселен осыған дейін спортшыларымыз №5 қалалық емхана базасында кәсіби тексерістен өтіп, ем алып келді. Бұл тексерулер өзге пациенттермен бірге, жалпы кезек бойынша жүргізілді. Ал бұл белгілі бір деңгейде ыңғайсыздық туғызып, спортшылардың сапалы дайындығы мен сауықтыру процесіне кері әсер етті. Онымен қоса, спортшылар мен олардың жаттықтырушылары ем-доммен арнайы спорт дәрігерлері айналысуы қажеттігін айтқан болатын», – деді қала басшысы.
А.Көлгінов атап өткендей, сала мамандарымен кездесуден соң спортшыларға арналған Медицина орталығын ашу шешілген. Нысан А-82 көшесіндегі «Нұрлы жол» теміржол вокзалының жанында орналасқан.
«Бұл орталық спортшылардың медициналық тексеруден емін-еркін өтуіне, денсаулығын оңалтып, қалпына келуіне мүмкіндік береді», – деді астана басшысы.
Мекемеге білікті спорт дәрігерлері жұмылдырылатын болады.
Кеше, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліКеше, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс